Түркияда автобус апатынан сегіз адам көз жұмды
Түркияның оңтүстік-батысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, сегіз адам қаза тапты.
Құрбандардың арасында жүргізуші мен бір бала бар. Тағы 33 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша автобус Измирден Антальяға бағыт алған. Апат Денизли-Айдын тас жолында болған. Көлік жоғары жылдамдықпен жол қоршауына соғылып, кейін өртеніп кеткен. Қазір оқиға орнында төтенше қызмет өкілдері мен полиция жұмыс істеп жатыр.