Испанияда аптап ыстық басталды
Испанияда ыстықтан бас айналады. Елдің оңтүстік-батыс аймақтарында ауа температурасы 40 градусқа жетті.
Қазір билік елде метеоқауіптің «сары» деңгейін жариялаған. Әсіресе Севилья, Кордова және Сарагоса қалаларында ахуал қиындау. Жергілікті ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, аптап мамыр айының ортасынан бері мазаны алып тұр. Кейінгі екі аптада ыстықтың салдарынан 36 адам көз жұмған.