BBC: Иран АҚШ-тың 20 әскери базасын атқылаған
Иран соғыс кезінде АҚШ-тың 20 әскери базасын шабуылдаған.
Мұны "БиБиСи" телеарнасы хабарлады. Ислам революциясы сақшылар корпусы Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Кувейт, Ирак, Иордания, Бахрейн және Омандағы әскери нысандарына соққы жасаған. Пентагонның әуе қорғаныс жүйелері, радарлар, ғарыштық байланыс құралдары мен қару-жарақ қоймалары бүлінген. Ал Құрама Штаттар соғысқа 29 млрд доллар жұмсадық дейді. Алайда сарапшылар Пентагонның шығыны бұл сомадан әлдеқайда көп деп санайды. Өйткені Иранның ұшырған зымырандарын қағып түсіру үшін АҚШ әрбіреуі 12,7 млн доллар тұратын зымырандар қолданған. Президент Трамп Иранды күйреттік деп бірнеше рет мәлімдеді. Алайда сарапшылар "американдық әуе базаларына келтірген шығынды ескерсек, Иранның әскери әлеуеті әлі әлсірей қоймағанын көрсетеді, дейді.