Иран мен АҚШ бір-біріне соққы жасады

Ботсвана туы ілінген танкер Иран портына кірмек болғанда Пентагон әскері кемеге шабуыл жасап, тоқтатқан. 

Иран тарапы да қарап қалмай, америкалық "Паная" кемесіне зымыран атты. Сондай-ақ АҚШ-тың Бахрейн мен Кувейттегі әскери базаларына бірнеше зымыран атып, дрон ұшырған. Құрама Штаттар Қарулы күштері Орталық қолбасшылығы ұшқышсыз құралдар мен зымырандарды қағып түсіргенін айтады. Сөйтіп қарымта шабуылға көшіп, Ормуз бұғазындағы Кешм аралында орналасқан Иранның әскери кешенін атқыладық, - дейді. Пентагон мұны өздерін қорғау амалы деп отыр. Ал Тегеранды оқ атпау режимін бұзды деп айыптады. Бірақ Президент Трамп екі жақты келіссөздер үзілген жоқ, жалғасып жатыр дейді.