Әлемде мұнай бағасы арзандады
Әлемде мұнай бағасы арзандай бастады. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, бұған Израиль мен Ливанның оқ атпау туралы келісімге келуі себеп болған.
"Брент" маркасы 87 центке арзандап, баррелі 96 долларға түсті. Ал америкалық West Texas Intermediate фьючерстері 78 центке құлдырап, 95 долларға саудаланған. Сарапшылар Израиль мен Ливан арасының жақсаруы инвесторларға АҚШ пен Иран да ортақ мәмілеге келуі мүмкін деген үміт сыйлады деп есептейді. Осының алдында Дональд Трамп тараптар көп ұзамай тіл табысады деген болатын.