No comment: ерекше роботтар көрмесі

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында келушілердің назарын гуманоидты роботтар аударды.

Заманауи технологиялар көрмесінде роботтар көрме залында еркін қозғалып, қонақтармен тілдесіп, түрлі тапсырмаларды орындады. Форум аясында инновациялық технологиялармен қатар, интерактивті көрсетілімдер мен сынақ алаңдары да ұйымдастырылған.