Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Еуропалық Одақ Израильге қарсы жаңа санкциялар енгізуді көздеп отыр.
Шектеу шаралары Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстанушыларының әрекеттеріне байланысты қабылданбақ. Алайда Reuters агенттігінің хабарлауынша, Еуроодақ елдері мәселеге қатысты әлі ортақ шешім қабылдамаған. Сондықтан кей мемлекеттер санкцияларды жекедара енгізуге ниетті. Олардың қатарында Франция бар. Ал бұған дейін Кәрі құрлық ұйымы, Израильдің палестиналықтардың құқықтарын бұзуға қатысы бар лауазым иелері мен ұйымдарына санкция енгізген болатын.