No comment: Мексикада жанкүйерлер рекорд орнатты
Мексикада жүздеген футбол жанкүйері ерекше іс-шараға қатысты. Олар орталық көшеде ұзын тізбек құрып, әлемге әйгілі «мексикалық толқынды» бірге орындады.
Іс-шара осы дәстүрдің 40 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бүгінде стадиондардың ажырамас бөлігіне айналған «мексикалық толқын» алғаш рет 1986 жылғы әлем чемпионаты кезінде жасалып, кейін кең тараған еді.