Нью-Йоркте белгісіз біреу бес адамды пышақтап кетті

Нью-Йорк қаласындағы Пенсильвания вокзалында белгісіз адам бес кісіні пышақтап кетті.

Оқиға жексенбіде шаһардың ең ірі көлік тораптарының бірінде болды. Зардап шеккендердің біреуі ауыр жарақат алған. Күдікті оқиға орнында ұсталды. Оның мұндай әрекетке неге барғаны әлі белгісіз. Оқиға осы жердегі Мэдисон-сквер-гарден сахнасында өтетін NBA баскетбол жарысының финалы қарсаңында болып, жұртты алаңдатты. Дегенмен, дүбірлі сайысты Президент Дональд Трамп барып көрмекші. Осыған байланысты шаһардың осы аудан аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.