АҚШ Оман шығанағындағы кемені атқылады

АҚШ әскері Оман шығанағында Палау елінің туымен жүрген мұнай танкерін зымыранмен атқылады.

Вашингтонның мәлімдеуінше, кеме ескертулерді елемей, Иранға қарай бет алған. Соққыдан танкердің қозғалтқышы мен рульдік бөлігі зақымданды. Ішінде болған 24 экипаж мүшесі қауіпсіз жерге шығарылды. Айта кетейік, Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы америкалық күштер ереже бұзған жеті кемені атқылап, істен шығарып, 130-дан астам танкерді басқа бағытқа бұрған.