Жасанды интеллект Қытай экспортын арттырды

Қытайдың мамырдағы экспорты өссті.

Бұған жасанды интеллект технологияларына әлемдік сұраныстың артуы себеп. Елдің кеден қызметінің мәліметіне сілтеме жасаған Рейтердің хабарлауынша, экспорт көлемі былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 20 пайызға ұлғайған. Негізгі өсім микросызбалар, автокөліктер және басқа жоғары технологиялық өнімдер есебінен болды. Сарапшылар қытай экономикасына Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан энергетика тауарларының қымбаттауы оң әсер етті дейді. Бірақ бірқатар салада бәсеңдік байқалады. Өткен айда жиһаз экспорты 2 пайызға ғана өссе, ойыншық сатылымы 7 пайызға, аяқ киім саудасы 10 пайызға дейін қысқарған.