Ирландияда мигрант тұрғынды пышақпен шабуыл жасады

Солтүстік Ирландия астанасында мигрант жергілікті азаматты пышақтап кетті. «Рейтердің» хабарлауынша, қаскөй 30 жастағы Сомали тумасы. 

Ол 40 жастағы ер адамды ауыр жарақаттаған. Күдікті қамауға алынды. Полиция оған «Адам өлтіруге оқталды» деген айып тақты. Құзырлы орган босқынның неліктен мұндай қадамға барғанын тергеуге кіріскен. Британия премьер-министрі Кир Стармер мұны «Сұмдық оқиға» деп бағалады.