Газа секторы бойынша келіссөздер ілгеріледі
Газа секторы бойынша келіссөздерде ілгерілеу бар. Бұл туралы ХАМАС өкілдері мәлімдеді.
Asharq Al-Awsat басылымының хабарлауынша, тараптар қару-жарақ мәселесі бойынша ымыраға келген. Мысыр, Қатар және Түркия елдерінің арағайындығымен өткен уағдаластық бойынша қару-жарақ айналымын шектеу және оны арнайы палестиналық құрылымның бақылауында ұстау көзделіп отыр. Бұл шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қазір құжат Израиль және АҚШ тарапымен талқыланып жатыр.