Аустралияда жанармай қымбаттады

Елдің кей өңірлерінде бензин бағасы екі есеге өсті, тыңайтқыш бағасы 75 пайызға артқан. 

Бұған әлемдік мұнай тасымалының маңызды бағыты саналатын Ормуз бұғазы маңындағы шиеленіс әсер етіп отыр. Салдарынан жанармай ғана емес, ауыл шаруашылығы саласының шығындары да көбейген. Мамандар бензин бағасының алдағы уақытта тағы да өсуі мүмкін екенін ескертеді.