Дэвид Бекхэм әйгілі «Даңқ» аллеясында
Англия футбол құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэмнің есімі Голливудтағы Даңқ аллеясында жазылды.
Кәсіби мансабын 2013 жылы аяқтаған спортшы "Манчестер Юнайтед", "Реал", ПСЖ, "Милан" және "Лос-Анджелес Гэлакси" командалар-ында өнер көрсетті. Бекхэм Англия чемпионатын алты рет ұтқан, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Испания мен Франция чемпионаттарында да алтын медаль иеленген. Былтыр футболшыға жоғары мәртебелі рыцарь атағы берілді.