Өзбекстанда шегіртке қаптай бастады
Әсіресе елдің оңтүстігі Бұқара облысында көп. Тіпті көліктің дөңгелегіне жабысып, жүргізбей жатыр.
Мұны көрген жергілікті жұрт алаңдай бастаған. Алайда тиісті органдар: «Бұл жылда қайталанатын қалыпты жағдай қорқатын ештеңе жоқ», - деп отыр. Бүгінге дейін 651 мың гектар алқаптың 3641-і дәріленген. Жалпы Өзбекстанда зиянкестердің 100-ге жуық түрі бар. Биыл мароккалық зиянкестің белсенділігі байқалады. Оның 8-і, топ болып ұшатыны, айналаға қауіптілігі анықталып отыр. Айта кетейік Қазақстан үкіметі шекаралық өңірлерде шегірткемен күресті күшейткен.
Нодирбек Тофлиев, Өзбекстан өсімдіктер карантині және қорғау ҒЗИ зертхана меңгерушісі:
- Бұл жәндіктер күн сайын 50-60 шақырымға дейін ұша алады, негізінен сексеуіл жапырағын жейді. Егіс алқаптарына зиянын тигізбеуі үшін химиялық өңдеуге бар күшті жұмылдырған жөн. Оның ішінде шекаралас өңірлерде жәндіктің таралу қаупін азайту мақсатында арнайы шаралар қолға алынды.