Испанияда тұрғын үй тапшылығы күшейіп барады
Реттеуші органдар елде сұранысты қамтамасыз ету үшін тағы 750 мың баспана қажет екенін мәлімдеді.
Бұл әсіресе тұрғындар көп шоғырланған Мадрид, Барселона, Аликанте, Валенсия, Мурсия және Малага қалаларына қатысты. «Ал енді жаңа тұрғын үй құрылысының баяу жүруіне бюрократиялық кедергілер, білікті жұмыс күшінің жетіспеуі және қала құрылысы жоспарларын бекітудің ұзаққа созылуы әсер етіп отыр», - дейді мамандар. Сондай-ақ қазір елде 450 мыңға жуық үй қаңырап тұр. Ол нысандардың көпшілігі тұруға жарамсыз.