Иран уран байытудан бас тартпайды
Иран уранды байыту құқығынан бас тартпайды.
Бұл туралы ел президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді. Айтуынша, Вашингтон Тегеранның осы ұстанымын қабылдауы тиіс. Қазір Швейцарияда АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер жүріп жатыр. Онда Катар мен Пәкістан араағайындық танытып отыр. Енді тараптар Иранның ядролық бағдарламасы мен 60 күн ішінде келісуі тиіс, уақытша келісімнің шарттарын талқылайды. Құжатта Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын ашу және әскери қимылдарды, соның ішінде Ливан аумағындағы қақтығыстарды да тоқтату мәселесі қарастырылған.