CNN: Иранға соққы $40 млрд шығынға батырды
Иранға қарсы әскери операция АҚШ-ты 40 миллиард доллар шығынға батырды. Бұл туралы Құрама Штаттардағы Стратегиялық және халықаралық орталығына сілтеме жасап, ""Си-Эн-Эн" телеарнасы хабарлаған. Мамандардың есебінше, 26 милилард доллар оқ-дәріге жұмсалды. Америка әскері дәл көздеп ататын қаруды белсенді қолданған. Олардың арасында мыңдаған Томагавк қанатты зымыраны бар. Ең үлкен шығын соғыстың алғашқы сағаттарында болған. Бұл уақытта Вашингтон бірден 3 миллиард доллар жұмсап үлгерді. Кейін ұрыс қимылдары бәсеңдеп, күнделікті шығын да азая берген. Енді Пентагон Конгрестен 80 миллиард доллар қосымша қаржы сұрап отыр.