Ормуз бұғазы бойынша байланыс арнасы құрылды
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы байланыс арнасын құрды.
Бұл туралы Иран парламентінің төрағасы Мохаммад Багер Галибаф мәлімдеді. Айтуынша, желі бұғаз арқылы өтетін коммерциялық кемелерді төтенше жағдайлардан қорғауға көмектеседі. Келісім екі айға созылады. Осы уақыт аралығында кемелер бұғаз арқылы еркін қатынайды, яғни өткелмен тасымал үшін ешқандай қосымша ақы алынбайды.