АҚШ Сенаты Иранмен соғысты тоқтатуды қолдады

АҚШ Сенаты Өкілдер палатасы қабылдаған Иранға қарсы соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады. 50 сенатор қолдап, 48-і қарсы дауыс берді. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Құжат Дональд Трамптан америка әскерін Иранмен ұрыс алаңынан алып кетуді талап етеді. Сарапшылар қарардың алғаш рет Сенат тарапынан қолдау табуы Трамптың партияластары яғни республикашылдардың Иранмен қақтығысқа алаңдаушылығын білдіреді деп есептейді. Бұл мәселе Сенатта бұған дейін 9 рет қаралған. Ал Ақ үй: "Қарардың заңдық күші жоқ, ол ештеңені міндеттей алмайды", - дейді.