Ормузда 400-ден астам кеме қаңтарылып тұр

Ормуз бұғазы аймағында 400-ден астам кеме қаңтарылып тұр.

Бұл туралы Файнаншэл Таймс ((Financial Times)) Еуропалық ғарыш агенттігінің жерсерік деректеріне сілтеме жасап хабарлады. Танкерлердің иелері мен операторлары АҚШ пен Иран арасындағы түпкілікті келісімді күтіп отыр. Кемелердің көбі Сохар және Фуджейра айлақтарында шоғырланған. Бұған дейін олардың бұғазбен қауіпсіз өтуі үшін Оман және Халықаралық теңіз ұйымы уақытша теңіз дәлізін ашқаны туралы айтылған еді. Оман Сыртқы істер министрлігі өткел арқылы жүзу тегін болатынын жеткізді.