Мұнайдың бір баррелі $72-ға дейін арзандады
Әлемдік мұнай бағасы құлдырап барады. Брент маркалы мұнай құны барреліне 72,6 долларға дейін арзандады. Бұл - АҚШ пен Иран арасы суығалы тіркелген ең төменгі көрсеткіш.
АҚШ-тың WTI маркалы мұнайы да арзандап, баррелі 69 доллардан саудаланып жатыр. Бағаның төмендеуіне Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының қайта жандануы себеп, - дейді сарапшылар. Ал Құрама штаттардың Энергетика министрлігінің мәліметінше, кейінгі тәуліктің өзінде Ормуз арқылы 20 миллион баррель мұнай тасымалданған.