Иран АҚШ базаларына шабуыл жасады
Иран Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ-тың әскери базаларына соққы берді.
Ислам революциясы сақшылар корпусының мәліметі бойынша, Кувейттегі Али Әл-Салем базасындағы АҚШ әскери инфрақұрылымының сегіз нысаны және Бахрейндегі Салман портындағы бесінші Флот шабуылға ұшырады. Бұл соққыны Иран тарапы АҚШ-тың кейінгі шабуылдарына қарымта жауап ретінде жасағанын мәлімдеді.