Қытай тек роботтар ғана қызмет көрсететін қонақ үй салады

Онда келушілерді тіркеуден бастап жүк тасу, бөлме тазалау, ас әзірлеу сияқты жұмыстармен тек құлтемірлер айналысады. 

Жасанды интеллект арқылы бір жүйеге қосылған ақылды құрылғылар адамның әр сөзі мен қимыл-қозғалысын тани алады. Гуандун провинциясында бой көтеретін нысанда жалпы саны 44 бөлме жасақталады. Бұдан бөлек мейрамхана мен жаттығу залы жұмыс істейді. Қонақ үй келер жылы ашылады.