Венесуэлада 60 мыңға жуық ғимарат қирады
Венесуэлада жойқын жер сілкінісі салдарынан 58 мың 870 ғимарат қирады.
Бұған НАСА арқылы түсірілген жер серігінің суреттері дәлел. Үкімет мәліметі бойынша, табиғи апаттан құрбан болғандар саны 2295 адамға жетті. 11 мың тұрғын жараланып, 40 мыңнан астамы із-түссіз жоғалып кеткен. 13 мың адам баспанасыз қалды. Президенттің міндетін атқарушы Делси Родригес 7 күнді аза тұту күні деп жариялаған. АҚШ-тың Геология қызметі көз жұмғандар саны 10 мыңнан асуы мүмкін деп ескертті. Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда 7,2 және 7,5 балдық қуатпен 1 минут аралығында екі рет жер сілкінген болатын.