Әлемдік нарықта алтын бағасы өсті
Алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда қымбат металдың бағасы 2 пайызға өсті. АҚШ-тағы Comex биржасында фьючерсі унциясына 4200 долларға жақындады.
Өсімге Құрама Штаттардағы жұмыссыздықтың артуы себеп. Еңбек нарығының бәсеңдеуі несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің көтерілу мүмкіндігін тежеп тұр. Сонымен қатар мыс фьючерсі шамамен бір пайызға қымбаттады. Қазір оның тоннасы 13 мың доллар шамасында сатылып жатыр.