ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға келісті. Енді тамыз айынан бастап өндіру квотасы тәулігіне тағы 548 мың баррельге артады.

Мұндай шешімді альянсқа мүше жеті ел - Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман қабылдады. Қазір Brent маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 72 АҚШ долларына саудаланып жатыр. Ресми мәлімдемеде келісімге қатысушы елдер нарықтағы ахуалды тұрақты бағалап, өндіріс квоталарының сақталуын және белгіленген көлемнен артық өндірілген мұнайға қатысты өтем тетіктерін бақылауды жалғастыратыны айтылған. ОПЕК+ ұйымының ендігі отырысы 2 тамызға жоспарланған.