No comment: Испанияда орман өрті өршіді
Испанияның шығысындағы Кастельон провинциясында орман өртеніп жатыр. Жалын таулы аймақтарды шарпып, елді мекендерге жақындаған.
Сақтық шаралары қолға алынып, 500-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір тілсіз жаумен күреске ондаған бригада жұмылдырылып, тікұшақтар қолданылуда.