Қытайда лазермен арамшөпті жоятын робот жасалды
Қытайда егістікті арамшөптен тазалайтын лазерлі робот жасалып, сынақтан өткізіліп жатыр.
Жасанды интеллектпен жабдықталған құрылғы ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөпті дәл ажырата алады. Жаңа технологияны Чанчунь ғылым және технология университетінің инженерлері әзірлеген. Сынақ сәтті аяқталса, оны жыл соңына қарай жаппай өндіріске шығару жоспарда бар.