Екі кемеден жеті тонна кокаин табылды
Сальвадор әскерилері кокаинның ел тарихындағы рекордты партиясын тәркіледі.
Теңіз күштерінің сақшылары Тыных мұхитында екі кемені тоқтатады. Тексере келе олардың есірткі тиеп алғаны анықталған. Кокаинның жалпы көлемі 7 тоннаға жуық. Зиянды заттың құны шамамен 200 миллион доллар деп бағаланды. Операция кезінде 6 күдікті қамауға алынған. Олар Эквадор мен Колумбияның азаматтары болып шықты. Тергеу амалдары әлі жүріп жатыр.