Қытайда электрлі таксиге сұраныс артты
Қытай тұрғындары жеке көліктің орнына электртакси пайдаланғанды әдетке айналдыра бастады.
Сарапшылар бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың қайта ушығуы мен Ормуз бұғазындағы мұнай тасымалының бөгелуі себеп дейді. Қытай Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі такси парктерінің жартысын электрлі такси құрайды. Ал үлкен қалаларда бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткен. Мамыр айында ғана 3 миллиардтан астам тапсырыс орындалған.