АҚШ Иранға соққыны үдететінін ескертті

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран келіссөздерге қайта оралмаса, келесі аптада елдің азаматтық инфрақұрылымына соққы жасайтынын мәлімдеді. 

Бұл туралы Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты. «Нысанаға көпірлер мен электр станциялары алынуы мүмкін», - дейді ол. Ақ үй басшысы сәуір айында да Тегеран келісімге келмесе америка күштері осы нысандарды бомбалауға кіріседі деп мәлімдеген еді. Сол кезде Біріккен Ұлттар Ұйымы мұндай шабуыл халықаралық құқыққа қайшы екенін қатаң ескерткен.