Иранға жасалған шабуылдан жеті адам қаза тапты

АҚШ Иранның оңтүстігіне шабуылдарды үдетті.

Бандар-е-Хамир қаласындағы көпір бомбаланып, соның салдарынан 7 адам қаза тапты. Тағы 9 адам ауыр жараланған. Бұл жөнінде жергілікті Fars ақпарат агенттігі мәлімдеді. Сонымен қатар Ормуз бұғазының маңында орналасқан стратегиялық маңызы бар Сирик қаласына түні бойы үздіксіз әуе соққылары жасалды. Бандар-Аббастағы теміржол желілері мен Ираншахр қаласындағы әуежай да шабуылға ұшырады. Ал Иран Бахрейн мен Кувейттегі АҚШ-тың әскери базаларын зымыранмен атқылауды жалғастырып жатыр. Катар астанасы Дохада да жарылыстар естілген.