Қытай азаматтары үшін АҚШ визасының мерзімі 90 күнге дейін қысқартылады
АҚШ виза беру тәртібін қатаңдатады.
Бұл туралы елдің Ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдеді. Өзгеріс шетелдік студенттерге, қысқа мерзімді бағдарлама қатысушыларына және журналистерге қатысты. Енді бұл санаттағы визаларға нақты белгіленген жарамдылық мерзімі енгізіледі. Жаңа ережеге сәйкес, журналистер АҚШ-та 240 күннен артық бола алмайды, ал Қытай азаматтары үшін бұл мерзім 90 күнге дейін қысқартылады. Студенттік бағдарламаларға арналған визалар ең көп дегенде төрт жылға беріледі. Құжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін шетел азаматтары АҚШ аумағынан бір ай ішінде шығуы тиіс. Түзетулер 60 күннен кейін күшіне енеді. Ал оған дейін құжат Конгрестің қарауынан өтуі тиіс.