Ұлыбритания жаңа премьер-министрін сайлады
Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі белгілі болды. Елдің биліктегі Лейбористер партиясының жаңа жетекшісі болып Энди Бернэм сайланды.
Бұған дейін Үлкен Манчестердің мэрі болған саясаткер қызметінен кетіп жатқан Кир Стармерге алғыс айтып, оның басшылығымен партия тарихи жеңіске жеткенін атап өтті. Енді Стармер 20 шілдеде король III Карлға қызметінен босату туралы өтініш жолдауы тиіс. Содан кейін Энди Бернэм премьер-министр қызметіне ресми түрде кіріседі.