АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
АҚШ пен Иран қатарынан жетінші түн бір-біріне соққы жасады. Бұл туралы Құрама Штаттар Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы хабарлаған.
Парсы елінің оңтүстігінде шабуылдан сегіз адам қаза тауып, 19-ы жараланды. Бұл туралы Хормозган провинциясы губернаторының орынбасары мәлімдеген. Негізгі нысанаға айналған Бандер-Аббас қаласы – осы провинцияның орталығы. Бұдан бөлек, АҚШ Сирик порты мен Кешм аралындағы тұрғын үйлер, байланыс мұнаралары мен көпірлерді шабуылдады. Иран қарымта ретінде Кувейт, Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Американың әскери базаларын бомбалаған. Тегеран Вашингтон соққы жасауын тоқтатпаса, қорғанысты қойып, толыққанды қарымта шабуылға көшетінін ескертті.