Иран риалының бағасы құлдырады
АҚШ-пен қақтығыстың шиеленісуі салдарынан Иран валютасының бағасы тағы арзандады. Еркін айналымдағы 1 доллар құны алғаш рет 1 млн 940 мың риалдан асты.
Еуроньюс мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері ұлттық валюта 44%-ға арзандаған. Риалдың әлсіреуі азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етті. Тек өткен айда тұтыну себетінің құны шамамен 90 долларға өсіп, елде кейінгі 80 жылдағы ең жоғары инфляция деңгейі тіркелді.