Венгрия президенті отставкаға кетеді
Мажарстан президенті отставкаға кетеді.
Тамаш Шуйок өзінің мерзімінен бұрын қызметтен кетуіне жол ашатын заңға қол қойды. Дегенмен, ресми үндеуінде саясаткер бұл бастамамен келіспейтінін мәлімдеді. Ол мұны Конституциялық принциптерді бұзу әрі саяси билікті теріс пайдаланудың мысалы деп атады. Бұған дейін ел Парламенті қоғам тарапынан сенім жоғалған жағдайда мемлекет басшысын отставкаға жіберуге мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдаған болатын. Заң күшіне енгеннен кейін Парламент 30 күн ішінде жаңа президентті сайлауға тиіс.