АҚШ Болгарияға әскери ұшақтарын қояды

АҚШ-тың әскери ұшақтары Болгарияда тұрады.

Бұған Еуропа елінің Парламенті келісім берді. Безмер әуе базасына сегіз жанармай құюшы ұшақ пен 250 әскери қызметкер баруы тиіс. Бұлар Таяу Шығыстағы операцияға қолдау көрсетеді және 24 шілдеден 1 қазанға дейін осы базада болады. Тегеран әрине Софияның бұл әрекетіне наразы. Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи мұны «әскери қылмыс және агрессияға қатысу» деп атады. Алайда Болгария Вашингтонның NATO аясындағы одақтасы. Елдің Қорғаныс министрі Болгария әскери іс-қимылдарға араласпайтынын, тек өз міндеттемелерін орындап жатқанын жеткізді.