Африкада Эбола індетінен көз жұмған адам саны артты

Африкада Эбола індетінен көз жұмғандар саны мыңнан асты.

Тағы 2 мың тұрғын кеселді жұқтырып алған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Індеттің негізгі ошағы - Конго Демократиялық Республикасы. Індет елдің бес провинциясында тіркелген. Көршілес Угандада да дерттен көз жұмғандар бар. Халықаралық ұйым өкілдерінің айтуынша, індет бұрынғы эпидемияларға қарағанда жылдам таралып жатыр. Қазір  мамандар вакцина мен жаңа емдеу тәсілдерін сынақтан өткізіп жатыр.