Мадуроның соты келесі жылы өтеді
АҚШ соты Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен әйелі Силия Флорестің ісін 2027 жылдың 1 маусымынан бастап қарайды.
Бұл туралы "Рейтер" агенттігі хабарлады. Тараптардың өтініштері бойынша тыңдау биыл 17 қарашаға жоспарланған. Дегенмен, отырыстардың кестесі өзгеруі де ғажап емес. Естеріңізге сала кетейік, Мадуро мен жұбайы осы жылдың басында Венесуэладан қамауға алынып, АҚШ-қа әкелінген болатын. Оларға халықаралық есірткі саудасына қатысы бар деген айып тағылды. Бірақ өздері кінәсізбіз дейді. Айыбы дәлелденсе, Мадуро өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілмек. Әйелі сыбайлас ретінде айыпталуда.