Үндістанда су тасқынынан көз жұмғандар саны артты

Үндістанның солтүстік-шығысында тасқыннан көз жұмғандар саны 41 адамға жетті.

Бұл туралы аймақтың төтенше жағдай салдарын жою басқармасына сілтеме жасап, жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Табиғат апатынан Ассам штаты көп зардап шекті. Бұл жерде бір күннің ішінде 200 миллиметр жауын-шашын түсті. Тағы жүзден астам тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Жалпы су тасқынынан 700 мыңға жуық адам жапа шекті. Ондаған үй мен көлікті су шайып, қозғалыс шектелген. Табиғи апат аумағындағы халық жаппай қауіпсіз жаққа көшіріліп жатыр. Уақытша паналау орталықтарына 18 мың адам орналастырылған. Қазір Үндістанда жаңбыр маусымы. Ол әдетте қыркүйек айына дейін созылады.