Францияда орман өртінен 10 мың адам эвакуацияланды
Францияның оңтүстік-батысында орман өртінен 10 мың адам эвакуацияланды. Қауіпсіз жерге көшірілген-дердің басым бөлігі Бордо қаласына жақын маңдағы кемпингтерде демалып жатқан туристер.
Олар үшін уақытша орналастыру орталықтары ашылды. Қазір тілсіз жау екі мың гектардан астам аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 500-ден аса құтқарушы тартылды. Алайда аптап ыстық пен жел, жұмысты қиындатып отыр. Синоптиктер өңірде апта соңына дейін, орман өрті қаупі жоғары болатынын ескертті. Мамандар биылғы маусымды кейінгі 20 жылдағы ең ауыр кезеңдердің бірі деп бағалап отыр.