Франция Ирандағы елшілігін эвакуациялады
Бұл туралы Fars агенттігі хабарлады. Бұған Ислам революциясы сақшылар корпусының француз дипломаттарына күш көрсетіп, соққыға жығуы себеп.
Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро бұл жағдайды қасақана жасалған әрекет әрі дипломатиялық иммунитетті бұзу деп атады. Алайда мұны Иран билігі жоққа шығарып, бар болғаны екі дипломатты күдікті кездесуге қатысқаны үшін уақытша тергеуге алғанын мәлімдеді. Десе де Франция осы оқиғадан соң дереу елшілік қызметкерлерін Тегераннан алып кетті. Бұған дейін Ислам мемлекетіндегі дипломаттарын Британия да эвакуациялаған еді.