Танымал мейрамхана қонақтарына бес жыл бойы құмырсқа қосылған десерт ұсынған
Оңтүстік Корея астанасы Сеулдегі екі Мишлен жұлдызы бар мейрамхананың иесі мен бас аспазы азық-түлік қауіпсіздігі талаптарын бұзды деген айыппен сот алдында жауап берді, деп хабарлайды «24KZ».
Тергеу барысында мейрамхана бес жылдан астам уақыт бойы қонақтарына үстіне құмырсқа себілген шербет ұсынғаны анықталған. Осы уақыт ішінде шамамен 12,2 мың десерт сатылып, олардың құрамынан 40 мыңға жуық жәндік табылған.
Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес, шегіртке, шекшек және кейбір басқа да жәндіктер тағам ретінде пайдалануға рұқсат етілген. Алайда құмырсқа елде жеуге жарамды жәндіктер тізіміне кірмейді.
Прокуратура аспаз бен мейрамхана иесіне бір жылға дейін бас бостандығынан айыру және ірі көлемде айыппұл салуды сұрады. Айыпталушылар тағамға құмырсқа қосылғанын мойындағанымен, олардың нақты санына қатысты келіспейтінін мәлімдеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз