Кёльнде пуду бұғысының төлі көрсетілді

Кёльндегі хайуанаттар бағында пуду жануарының 5 айлық төлі көрсетілді. Ол әлемдегі ең жас бұғының бірі.

Әдетте олардың бойы 45 сантиметрге, ал салмағы 13 келіге жетеді. Жабайы табиғатта Чили мен Аргентинаның жынысты орманында тіршілік етеді, бірақ орман оталған сайын олардың саны күрт азайып жатыр. Жойылуға аңшылар мен қабаған иттердің шабуылы да себеп. Сондықтан пуду Қызыл кітапқа енгізілген. Мамандар оларды Хайуанаттар бағында күтіп-бағу өте қиын дейді, өйткені пуду күйзеліске өте бейім жануар.