Ford 565 мың көлікті қайтарып жатыр
Ford компаниясы өрт шығу қаупіне байланысты АҚШ-та шамамен 565 мың автокөлігін кері қайтарып жатыр. Бұл 2021–2026 жылдары шығарылған кейбір жол талғамайтын көлік үлгілеріне қатысты.
Құрама Штаттардың Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық басқармасы осылай деп хабарлады. Мәселе қозғалтқыштағы сымдардың тозу мүмкіндігінен туындап отыр. Өндірушінің мәліметіне сәйкес, бұл қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін. Ақауды жою үшін ресми дилерлер сымдарға қосымша қорғаныс құралын тегін орнатады. Биыл Ford компаниясы түрлі себептерге байланысты автокөліктерін кемінде 50 рет кері қайтарып алған.