Канадада найзағай түсіп, орман өртенді
Канаданың батысында найзағай түсіп, орманжа жаңа өрттің өршуіне себеп болды.
Британиялық Колумбия провинциясында кейінгі аптаның өзінде осындай 35 мың от ошағы тұтанған. «Рейтердің» хабарлауынша, аймақта әлі 90 жер өртеніп жатыр. Сонымен қатар Онтарио провинциясында да 30 аумақта тілсіз жауды өшіру әзірге мүмкін болмай тұр. Жағдайды аптап ыстық пен құрғақ ауа ушықтыра түскен. Билік табиғи апат аймақтарындағы тұрғындарды қауіпсіз жаққа көшіруге нұсқау беріп, ауаның ластанатынын ескертті. Өрт сөндіру үшін 5 мыңнан астам маман мен 300 әуе техникасы тартылған. Биыл жазда Канадада шамамен 3 миллион орман алқабы жойылды.