Өзбекстанда пойыз жылдамдығы шектелді 

Өзбекстан пойыздардың жылдамдығын азайтты. Бұл ыстықта өрттен сақтанудың амалы. Өйткені бұл елде ыстық 40-45 градустан түспей тұр. 

Синоптиктердың айтуынша, термометр бағанасы тамыз айының 10-на дейін төмедемейді. Сол себепті пойыздар да сол уаққа дейін ақырын жүруге тиіс. Биыл Өзбекстанда кейінгі 100 жылда тіркелмеген аптап ыстықтар болды. Жалпы Дүниежүзілік банктің келтірген деректеріне сүйенсек алда жаз ұзарып, аптап көбейе береді. 2050 жылға қарай Орталық Азия мен Еуропаның кей мемлекеттерінде ыстық күндердің саны 70-ке дейін жетеді. Ал 50 градус  қалыпты жағдайға айналмақ. Ал бұл адам өміріне қауіп. Өлім жітімді көбейтуі мүмкін. 

Еркен Аблахатов, «Узгидромет» орталығының ғылыми қызметкері:

- 25 маусымда басталып, тамыз айының 3-іне дейін жалғасатын аралықта елде құрғақ ауа райы орнайды. Орташа есеппен 38-40 градусты көрсететін. Алайда билғы температура жаңа рекорд орнатты. Жалпы алғанда аптап ыстық жылдан жылға күшейіп келеді. Аймақта климаттың жылдам өзгеріп жатқанын аңғарып отырмыз.